{metadescription}
Алматы әкімі автобуста әйелді құтқарған жігітті марапаттады

Алматы әкімі автобуста әйелді құтқарған жігітті марапаттады

Қала басшысы Ерболат Досаев әйелді автобуста күш көрсетуден құтқарып қалған Райымбек Медетбекпен кездесті, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алматы әкімі оған ерлігі, батылдығы мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс айтты, сонымен қатар Алғыс хат пен бағалы сыйлықты табыс етті.

23 жастағы Райымбек Медетбек Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ жұмыс істейді. Жұмыс барысында өзін теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар жауапты және бастамашыл маман ретінде жақсы жағынан көрсетті.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда ер адам автобуста әйелге пышақ салған болатын. Райымбек Медетбек пен куәгерлердің жедел әрекеттерінің арқасында күш көрсетуші залалсыздандырылып, әйелдің өмірін сақтап қалды.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде