{metadescription}
Әлемде коронавирустан болған өлім-жітім 1,5 есе артқан

Әлемде коронавирустан болған өлім-жітім 1,5 есе артқан

Әлемде коронавирустың расталған жағдайларының саны шілде айында 30 миллионға көбейді.

Бұл маусым айындағыдан бір жарым есеге көп. Аурушаңдық деңгейі екінші ай қатарынан артуда. Ауру Азияда өршуде, ал инфекцияның жоғары таралу қарқыны әлі де Еуропаның бірнеше елінде тіркеліп жатыр. Өлім-жітім жағдайларының да саны артты. Шілдеде 64 мыңға жуық адам көз жұмған. Бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда бір жарым есе көп.

Түркияда ауру жұқтыру жағдайы бір айда алты есеге өсті. Егер шілде айының басында елде 8 мыңға жуық адамға ковид диагнозы қойылса, айдың соңында олардың саны 50 мыңға жетті. Ең көп өсім – қазір әлемде ауру жұқтырушылар саны бойынша бірінші орында тұрған — Жапония. Бір айдың ішінде ондағы көрсеткіш бірден 10 есеге артқан, шілденің басындағы 23 мың болса, аяғында 230 мыңға жеткен. Оңтүстік Кореяда да көрсеткіш 11 мыңнан 100 мыңға дейін, яғни 10 есеге жуық өскен.

Еуропа елдерінің көпшілігінде ковидтің таралу шыңы шілде айының ортасында болды, ал айдың соңғы күндерінде көрсеткіш күрт төмендеген. Францияда айдың екінші жартысында аурушаңдық алты есеге (шілде айының соңында онда 30 мыңға жуық жаңа жағдай тіркелді), Италияда 3,5 есеге (тәулігіне 40 мыңға дейін) азайды.

Бір айда қайтыс болғандардың бестен бір бөлігі коронавирустан болған өлім-жітім бойынша бірінші орында тұрған АҚШ-қа келеді. Маусыммен салыстырғанда мұнда қайтыс болғандар саны 10%-ға артқан. Екінші орында шілдеде 7 мыңға жуық адам көз жұмған Бразилия тұр, бұл бір ай бұрынғыдан бір жарым есе көп. Үшінші орында тұрған Германияда 3,1 мың өлім жағдайы тіркелді, бұл жаздың бірінші айымен салыстырғанда 50%-ға аз.

Бұған дейін ДДҰ хабарлағандай, өткен аптада 6,5 миллионнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, 14 мыңнан астамы қайтыс болған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде