{metadescription}
Қор нарығында доллар арзандады

Қор нарығында доллар арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 5 тамыз кешімен салыстырғанда 1,15 теңгеге төмендеп, 1 доллар 476,62 теңге болды.

Ұлттық банктің 8 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 477,98 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 476 теңге, сатып алу – 480 теңге.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 474 теңгеден болса, сатып алу – 478 теңге.

Ресей рублі 7,20-7,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде