{metadescription}
СҚО-да аң аулап жүрген ер адам серігін атып өлтірді

СҚО-да аң аулап жүрген ер адам серігін атып өлтірді

Солтүстік Қазақстан облысында 55 жастағы ер адам өзімен бірге аң аулауға шыққан 64 жастағы жерлесін абайсызда атып алды.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 6 тамыз күні Шал ақын ауданының Неждановка ауылы маңындағы орманда болған.

55 жастағы Айыртау ауданының тұрғыны аң аулау кезінде елікке оқ атқан, алайда, бытыраның бір бөлігі қасындағы серігіне – 64 жастағы Айыртау ауданының тұрғынына тиген. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Бұл факті ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-1-бабы «адам өлтіру» бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданбақ.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде