{metadescription}
Екібастұз әкімі отставкаға кетті

Екібастұз әкімі отставкаға кетті

Екібастұз әкімі Ардақ Қаңтарбаев орынбасары парамен ұсталғаннан кейін отставкаға кетті.

Павлодар облысының әкімі Қаңтарбаевтың отставкаға кетуін қабылдады.

"Мемлекеттік қызмет туралы" заңға сәйкес Екібастұз әкімі қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін отставкаға кетті. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Қаңтарбаевтың отставкаға кетуін қабылдап, 8 тамызда Екібастұз қаласының әкімі қызметінен босатты", - деді Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі өкілдері.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов отставканы қабылдап, Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаевты лауазымынан босатты.

Ардақ Қаңтарбаев Екібастұз қаласы әкімінің лауазымында 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істеген еді.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде