{metadescription}
Қазақстанның экспорт көлемі 37,2 пайызға артты

Қазақстанның экспорт көлемі 37,2 пайызға артты

Биылғы 5 айда Қазақстанның экспорты 37,2 пайызға артып, 34,2 млрд долларға жетті.

Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлім етті.

Ведомство дерегінше, жыл басынан бері 6 мемлекетке жөнелтілген тауар көлемі өскен.

«Экспорт көлемі Грузия еліне - 7 есе (90,2 млн доллар), Канадаға - 6,6 есе (343,5 млн доллар), Мароккоға - 5 есе (124,1 млн доллар), Оңтүстік Кореяға - 4 есе (1,7 млрд доллар), Жапонияға - 3,3 есе (418,9 млн доллар) және Түркияға 2,1 есеге (2,1 млрд доллар) өсті», - деп мәлім етті министрліктің баспасөз қызметінен.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде