{metadescription}
Премьер-министр әкімдерге ескерту жасады

Премьер-министр әкімдерге ескерту жасады

Премьер-министр Әлихан Смайылов тұрғындармен бетпе-бет кездесу өткізгісі келмейтін әкімдерге ескерту жасады.

Үкімет отырысында Смайылов халықпен тікелей кездесулер өткізу және кездесу туралы баспасөзде алдын ала хабарлау Президент тапсырмасы екенін атап өтті.

Ол аймақтардағы министрлермен кездесуде азаматтарды ұялы байланыс пен интернет сапасы, электрлендіру мен газдандыру, ауыз сумен қамтамасыз ету және әлеуметтік мәселелер көбірек қызықтыратынын айтты.

"Жаңа форматтағы отырыстарға сәйкес бұл мәселелер шешімі мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында да орналастырылады. Барлық деңгейдегі әкімдер халықпен кездесу өткізгеннен кейін мәслихат сессияларында оларды қаржыландыру мүмкіндігін ескере отырып, мәселелерді жүйелейді.

Кейбір өңірлерде жиналыстарды өткізудің жаңа форматына әлі бейімделе қойған жоқ. Кездесулерге еркін қатысу принципін сақтау керек. Мемлекет басшысы "еститін мемлекет" қағидасының маңыздылығына тоқталды. Біз халық мәселесін, олардың сын-пікірлерін тыңдауымыз керек", - деді премьер-министр.

Ол барлық деңгейдегі әкіммен өткен кездесулерде тұрғындар тарапынан 30 мыңға жуық сауалдар мен ұсыныстар көтерілгенін нақтылады.

"Бұл мәселелерді шешу қажет. Халық өздері көтерген мәселелер шешімін тауып жатқанын көруі керек. Жыл аяғына дейін орталық және жергілікті органдар бекітілген формат пен кестеге сәйкес халықпен кездесуді жалғастырады.

Қолда бар заманауи коммуникациялар мен ресурстарды пайдалана отырып, әрбір отырыс бұрын атқарылған істерді, басқа мәселелердің қалай шешілетінін көрсете отырып, кеңінен қамтылуы керек", - деп тапсырды премьер-министр.

Сондай-ақ, ол түйткілді мәселелерді жедел шешуге баса назар аударуды, ал Ұлттық экономика және ақпарат министрліктеріне тұрғындар тарапынан көтерілген барлық мәселені бір жүйеге келтіріп, оларды шешу бойынша іс-шаралар жоспарын бекітуді тапсырды.

"Республикалық және жергілікті бюджет жобаларын қалыптастыру немесе нақтылау кезінде тұрғындардың жиналыстарда көтерген мәселелерін ескеру қажет екеніне назар аударғым келеді", - деп қосты Смайылов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде