{metadescription}
Нөсер жауыннан 7 адам қаза болды

Нөсер жауыннан 7 адам қаза болды

Сеул мен оның маңындағы аймақтарда соңғы 80 жылда болмаған нөсер жауын жауып, салдарынан жеті адам қаза тапты, тағы алтауы із-түзсіз жоғалып кеткен.

Сеулдің кейбір бөліктері, батыстағы Инчхон порт қаласы және Кёнги провинциясына дүйсенбі күні кешке сағатына 100 мм-ден астам жауын жауды, Донджак аймағында сағатына 141,5 мм-ден асып кетті, бұл 1942 жылдан бергі ең мол жауын-шашын.

Сеулдегі толассыз жауған жаңбыр бес адамның өмірін қиды, төртеуі із-түзсіз жоғалды. 163 адам баспанасыз қалып, мектептер мен басқа мемлекеттік мекемелерді паналады. Кёнгидо провинциясында екі адам қаза тауып, тағы екеуі із-түзсіз жоғалған, тоғыз адам жараланды. Үкіметтің хабарлауынша, өрт сөндіру қызметі 88 адамды құтқарған.

Жауған нөсер көптеген қоғамдық нысандардың жұмысын тоқтатты. Сеул, Инчхон және басқа жерлерде сегіз темір жолды су басып, кейбір теміржолдар мен метро желілерінде қызмет көрсету уақытша тоқтатылды деп хабарланды. Қауіпсіздік мақсатында елдегі жолдардың 80-ге жуық учаскесі, үш жерасты бөлігі және өзен жағасындағы 26 автотұрақ жабылды. Он тоғыз жолаушы паромының бағыты тоқтатылды.

Кореяның метеорологиялық басқармасының мәліметі бойынша, елдің орталық және басқа аймақтарында сағатына 50 мм-ге дейін жаңбыр жауды, Сеулде дүйсенбіден сейсенбіге дейін жиналған жауын-шашын мөлшері 422 мм-ге жетті. Сәрсенбіге дейін ел астанасы мен Гангвон провинциясында жауын-шашын мөлшері 300 мм-ге дейін артуы мүмкін деп болжанып отыр.

Кореяның Орман қызметі сейсенбі күні таңертең бүкіл ел бойынша 47 қала мен округке көшкін қаупі туралы ескерту жасады, оның ішінде Сеулдегі тоғыз аудан, Инчхон, Кёнгидо, Канвондо, Солтүстік және Оңтүстік Чхунчхон провинциялары бар.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде