{metadescription}
Интернет арқылы есірткі сатқан павлодарлық 10 жылға сотталды

Интернет арқылы есірткі сатқан павлодарлық 10 жылға сотталды

Павлодар тұрғыны интернет арқылы аса ірі көлемде есірткі таратқаны үшін 10 жылға сотталды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі мәлім етті.

Күдіктіні есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері ұстап, оған ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылды. 

«Сот үкімімен 25 жастағы павлодарлық интернет ресурстары арқылы аса ірі көлемде есірткі таратқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Қала тұрғынынан сатуға арналған 78 грамнан астам тыйым салынған заттар тәркіленді. Есірткі полиэтилен пакеттерге салынып, оқшаулағыш лентамен оралған. Сотталушы синтетикалық есірткілерді сақтап, содан кейін оларды жасырын орындарға орналастырған. Өзінің «жұмыс берушісін» олардың орналасқан жері және салынған есірткінің мөлшері туралы фотоға түсіру арқылы хабардар еткен», - делінген ресми хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде