{metadescription}
Жарты жылда ішімдік ішіп, заң бұзған 4 мың азамат ұсталды

Жарты жылда ішімдік ішіп, заң бұзған 4 мың азамат ұсталды

Қазақстандықтар көбіне мас немесе масаң күйде өзгенің жекеменшік мүлкін бүлдіру, ұрлау қылмыстарын жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биылғы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, елімізде ішімдік ішкен күйде заң бұзушылық жасаған 4 мың азамат ұсталды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,6% пайызға аз. 

Алкогольді ішімдік ішкен адамдардың 41,1 пайызы өзгенің мүлкін бұзу, оған шығын келтіру қылмыстарын жасаған. Ал, ұрлық фактісі бойынша 1,1 мың адам ұсталыпты. Негізінен жиі кездесетін қылмыстар – көліктерді тонау немесе оларды ұрлау.

Биыл ішімдік ішкен күйде қылмыстық құқық бұзушылық көп тіркелген өңір – Шығыс Қазақстан облысы. Онда 6 айда ішінде 548 тұрғын алкогольді ішімдік ішіп, түрлі қылмыс жасаған. 

Осындай өңірлердің үштігіне Қостанай (398 адам) және Ақмола (376 адам) облыстары кіреді. 

Ал, ел бойынша ішімдік ішкен күйде жасалатын түрлі құқық бұзушылық фактілері Атырау облысында аз анықталған. Онда жыл басынан бері спирттік ішімдік ішкен 52 адам ұсталған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 36,6 пайызға аз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде