{metadescription}
Ұлттық банк теңге бағамына қандай факторлар әсер еткенін түсіндірді

Ұлттық банк теңге бағамына қандай факторлар әсер еткенін түсіндірді

Ұлттық банк шілдеде валюталық интервенция жүргізген жоқ.

Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты.

«Айдың қорытындысы бойынша, теңгенің айырбас бағамы 477,07-ге дейін 1,5 пайызға қалыпты түрде әлсіреді. Мұндай динамикаға сыртқы факторлар да, ішкі факторлар да ықпал етті. Екінші ай қатарынан мұнайға баға белгілеу төмендегенін атап өткен жөн. Бұдан басқа, АҚШ-та мөлшерлемені агрессивті көтеру – ұлттық валютаға, сондай-ақ дамушы нарықтардың валюталарына қысым жасауын тоқтатқан жоқ. Ішкі факторлар жағынан жалғасып келе жатқан демалыстар кезеңі мен компаниялардың дивиденд төлеуі бір ай ішінде шетел валютасына деген сұраныстың артуына ықпал етті», - деді Әлия Молдабекова.

Мәселен, оның дерегінше, сауда-саттықтың орташа бір күндік көлемі өткен айдағы 96,4 млн АҚШ долларымен салыстырғанда шілдеде 118,6 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды.

Шілденің соңына қарай теңге бағамы позициясын біршама қалпына келтіріп, экспорттаушылардың салығы арқасында әлсіреу қарқынын азайтты.

«Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 543,9 млн АҚШ доллары көлемінде сатуы, сондай-ақ 599,2 млн АҚШ доллары мөлшерінде Ұлттық қордан трансфертті қамтамасыз ету үшін валютаны сатуы айырбас бағамына бір ай бойы қолдау көрсетті. Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізген жоқ», - деді ол.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.