{metadescription}
Павлодар балабақшасында 3 жасар қызды ұрып-соққан

Павлодар балабақшасында 3 жасар қызды ұрып-соққан

Павлодар қаласындағы №4 балабақшасында тәрбиешінің көмекшісі 3 жасар қызды ұрып-соққан.

Оқиға кеше, яғни 9 тамыз күні болған. Полицияға шағымды баланың ата-анасы түсірген.

Видеода тәрбиеші баланың аяусыз ұрып, төсекке лақтырып жатқанын анық көруге болады. Артынша қызды сабалап, үстіне көрпесін лақтырып, тұншықтырған.

«Аталған факті тіркелді. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап, бейнебақылау камераларынан алынған материалдарды зерттеуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Павлодар қаласы білім басқармасы да бұл оқиғаны растап отыр. Тәрбиешінің көмекшісі жұмыстан шығарылды, ал балабақша меңгерушісі сөгіс алды деп отыр. 

«Баланың аяғы көгеріп қалды деген шағыммен қыз баланың анасы келді. Бейнебақылау камерасы арқылы қарағанда түскі уақытта тәрбиешінің көмекшісі ұрғаны анықталды. Қазір ол жұмыстан шығарылды. Іс-матриалдары құзырлы органға жіберілді», - деп мәлімдеді Павлодар қаласының білім басқармасы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.