{metadescription}
ҰБТ-дан шекті балл жинай алмаған талапкерлер де оқуға түсе алады

ҰБТ-дан шекті балл жинай алмаған талапкерлер де оқуға түсе алады

ҰБТ-дан шекті балл жинай алмаған талапкерлер жоғары оқу орындарына шартты негізде түсе алады.

Бұл жайында Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі Ержан Әмірбекұлы осылай деп мәлімдеді.

«Түлектердің кейбірі мемлекеттік білім грантын алу үшін жеткілікті балл жинай алмады. Мұндай түлектер өздері таңдаған жоғары оқу орнына шартты түрде және ақылы негізде қабылданады. Олар бірінші семестрді аяқтағаннан кейін қаңтар айында өтетін ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Егер одан шекті балл жинаса, онда олар оқуын әрі қарай толыққанды студент мәртебесінде жалғастыра алады», - деп атап өтті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары.

Ержан Әмірбекұлы биыл ҰБТ-да ең жоғары нәтиже көрсеткен екі түлек бар екеніне тоқталды. Олар 138 балл жинаған.

Сондай-ақ, министрлік өкілі 2025 жылға дейін бакалавриат бағыты бойынша білім алатын студенттердің шәкіртақысы жыл сайын 20, ал магистратура мен докторантура үшін 15 пайызға өсетінін айтты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде