{metadescription}
Қазақстанда жылқы еті 16,5 пайызға қымбаттаған

Қазақстанда жылқы еті 16,5 пайызға қымбаттаған

Биылғы жартыжылдықта шаруашылықтарда сойылған және союға өткізілген жылқы етінің көлемі - 125 мың тоннаға жетті.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2 пайызға көп.

6 ай ішінде ең көп жылқы Түркістан облысында сойылған. Бұл өңірде сойылған малдың таза етінің салмағы 7,5 мың тоннаны құраған. Көшбасшылар үштігіне Абай (сойылғаннан кейінгі ет салмағы - 7,1 мың тонна) және Ақтөбе (сойылғаннан кейінгі ет салмағы - 5,5 мың тонна) облыстары да кірді.

1 шілдедегі ақпарат бойынша елімізде 4,1 млн бас жылқы бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,6 пайызға көп. Аталған мал басы көп өңірлер - Түркістан, Қарағанды және Абай облыстары.

Шілде айында елдің базарлары мен дүкендерінде жылқы етінің келісі 2 900 теңгеден саудаланды. Ал, өткен жылы ет бағасы 16,5 пайызға төмен болған еді.

Баға шарықтаған аймақтар қатарын Солтүстік Қазақстан облысы бастап тұр. Мұнда жылқы етінің құны 28,8 пайызға өскен. Сонымен қатар, Ақтөбе облысы мен Шымкент қаласында да баға көтерілген. Ең төменгі жылдық өсім Қызылорда облысында тіркелді. Онда жылқы еті 4,5 пайызға қымбаттаған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.