{metadescription}
Оралда кәсіпкерді өлтіргендер екі айға қамауға алынды

Оралда кәсіпкерді өлтіргендер екі айға қамауға алынды

Оралда кәсіпкердің өліміне басты күдікті ретінде ұсталған Руслан Қожантаев әйелдерінің бірінің айы-күні жетіп отырған жүкті екенін айтып, соттан өзін қамауға алмауды сұрады.

10 тамызда қалалық мамандандырылған тергеу сотында БҚО полиция департаменті тергеушісінің 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелдіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішін қарады.

Іс материалдарынан белгілі болғандай, күдіктілер 6 тамыз күні «Рахат Лукум» караоке мейрамханасының ғимаратында болып, мекеме иесі Еркін Мұханғалиевпен кездескен. Олардың арасында жанжал туындап, Қожантаев жиналмалы пышағымен оның мойын және кеуде тұсынан кем дегенде үш рет соққы берген. Осы кезде кәсіпкердің жанында тұрған Т. Амангелді де пышақ шығарып, мекеме әкімшілігіне баратын жолды жауып, қызметкерлерді қорқытқан.

«Мұханғалиев аман қалу үшін ашық тұрған терезеден секірмек болған. Осы кезде Қожантаев оның бел аймағынан тағы бірнеше соққы берген. Одан ары жаралы Мұханғалиев орталық стадионға қарама-қарсы тұрған көлік тұрағына қарай жүгірген. Күдіктілер оны қуып жеткен соң Т. Амангелді оны жерге құлатып, денесінің әр жерінен бірнеше рет тепкілеген. Осы кезде Р. Қожантаев жүгіріп келіп, серігінен пышақ сұрайды. Т. Амангелді оған пышағын ұстатқанда, Р. Қожантаев кәсіпкерге тағы алты рет пышақ сұғып алады. Мұханғалиев алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Қожантаев пен Амангелді қылмыс орнынан қашып кеткен», - деді прокурор Тәжғалиева.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, Мұханғалиевтің өліміне мойын, кеуде, бел аймағының пышақ жарақаттары, сол жақ ұйқы артериясының, оң бүйректің зақымдануы, маңдай сүйектерінің сынуы себеп болған.

«Қожантаев пен Амангелдінің тұрақты табыс көзі жоқтығын, олардың аса ауыр қылмыс жасағанын, содан кейін қылмыстық қудалау органдарынан жасырынғанын ескере отырып, олардың жасырынып қалуы және объективті тергеуге кедергі келтіруі, жәбірленушілер мен куәгерлерге қысым көрсетуі мүмкіндігіне жеткілікті негіз бар. Соттан ПД тергеушісінің өтінішін қанағаттандырып, Қожантаев пен Амангелдіні екі айға қамауға алуды санкциялауды сұраймын», - деді мемлекеттік айыптаушы.

Руслан Қожантаевтың өзі тергеу дәлелдерімен келіспейтінін, өзінің екі әйелі (біреуі жүктілік мерзімінің соңғы айында жүр), балалары және үйі бар екенін айтып, соттан өзін екі айға қамауға алмауды сұрады.

Ал Тұрлан Амангелді сотта Руслан Қожантаевтың қысым көрсеткенін, сол күні өзімен бірге жүруге мәжбүрлегенін айтты. Айта кетерлігі, екі сотталушы да бұрын сотталмаған.

Судья Исмаилованың санкциясымен Руслан Қожантаев пен Тұрлан Амангелді екі айға қамауға алынды. Яғни, тергеу барысында айыпталушылар қамауда болады.

Еске салсақ, кәсіпкер Еркін Мұханғалиев 6 тамыз күні кешкі уақытта айуандықпен өлтірілген болатын. Оның көптеген пышақ жарақаттары бар денесі П. Атоян атындағы стадионның автотұрағынан табылды. 

Дереккөз: Azattyq Ruhy

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.