{metadescription}
Ақтөбеде мас ана 5 айлық сәбиін көшеде ұмытып кеткен

Ақтөбеде мас ана 5 айлық сәбиін көшеде ұмытып кеткен

Ақтөбе қаласының тұрғыны көшедегі орындықтан бес айлық баланы тауып алды.

Бүгін түнгі сағат 1:00 шамасында Ақтөбе қаласындағы №3 полиция бөлімінің кезекші бөліміне тұрғын хабарласып, бес айлық бала көтеріп әкелді. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оны тұрғын қаладағы 8-наурыз көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан тауып алған. Бала орындықта жылап жатқан.

«Қалалық ювеналды полиция тобының бастығы Ботакоз Жалекешованың айтуынша, екі таныс келіншек бір-бірін көшеде көріп қалған. Аз кем әңгімеден соң әйелдің мас күйінде жүргенін сезген ақтөбелік келіншек қоштасқан кезде қайта бұрылып, артына қарайды. Сол кезде орындықтағы сөмкенің жанында жылап жатқан баланы да көреді. Ол баланы алып, полицияға тапсырған», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бала қазір «Үміт» балалар үйінде. Алдағы уақытта инспекторлар әйелдің мінез-құлқын қала әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясына тапсырады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде