{metadescription}
Қарағанды облысында қар аралас бұршақ жауды

Қарағанды облысында қар аралас бұршақ жауды

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында қар аралас бұршақ жауды. 

Жаз мезгіліне тән емес табиғи құбылыстың видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Ролик авторлары хабарлағандай, бұршақ Ақтоғай ауданында жауған. Бұл ауданда «Қазгидрометтің» бірнеше метеостанциясы бар. Алайда, мамандар бұршақ түрінде жауын-шашын болғаны туралы мәлімет тіркелмегенін айтады. Метеорологтар жаз айларында болмауы тиіс табиғи құбылысты суық фронттармен байланыстырады.

«Кеше, 10 тамызда Қарағанды облысы фронтальдық бөлімдердің ықпалында болды. Ақтоғай ауданы арқылы екінші суық фронт өтті. Әдетте, осындай фронттың ықпалынан бұршақ жаууы мүмкін. Бүгінгі күні бүкіл Қазақстан бойынша, әсіресе елдің солтүстік бөлігінде жаңбыр, найзағай және бұршақ жаууы болжанып отыр. Ақтоғай ауданында қос фронт өтті. Соның салдарынан бұршақ жауды», - деп түсіндірді «Қазгидромет» РМК Қарағанды облыстық филиалының инженер-синоптигі Елена Михайлова.

Жағдайға жергілікті атқарушы органдар да түсініктеме берді. Олардың айтуынша, егін шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары табиғи құбылыстан зардап шекпеген. Бұршақ жауған ауылдың аумағында егістік алқаптары жоқ.

«Ақтоғай ауданы Жидебай ауылдық округі Жалаңаш ауылында жауған. Ауылдық округ әкімі Марат Толепбековпен осы мәселе бойынша сөйлестік, егінге және басқа да ауыл шаруашылық өнімдеріне зардап келмегендігі туралы хабарлаймыз», - деді Ақтоғай ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Алтай Әлібаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде