{metadescription}
Ақмола облысында сіріңкемен ойнаған бір үйдің екі баласы көз жұмды

Ақмола облысында сіріңкемен ойнаған бір үйдің екі баласы көз жұмды

Ақмола облысының Жақсы ауданында сіріңкемен ойнаған бір үйдің екі баласы түтінге тұншығып, көз жұмды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай бүгін, тамыздың 11-де Жаңа Қима ауылында болды.

«Анықталғандай, үйде ересектердің қарауынсыз қалған 3 және 5 жастағы екі бала сіріңкемен ойнаған. Салдарынан үйдегі жиһаз өртенген. Үйден түтін шығып жатқанын көршісі байқап қалған. Ол дереу терезені сындырып, балаларды сыртқа шығарды және өрт сөндірушілерге хабарлады. Шақыру орнына Жаңа Қима ауылындағы 28-ші өрт сөндіру бекетінен 3 адам және 1 өрт сөндіру техникасы шықты. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына 5 минут ішінде жетті. Алайда, түтіннен уланған балалар Қима ауылдық емханасына дереу жеткізілгенімен, естерін жимастан көз жұмды», - деді ведомстводан.

Сонымен бірге, ведомстводан атап өткендей, қайғылы оқиға кезінде балалардың әкесі жұмыста болған, ал анасы дүкенге шығып кеткен.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде