{metadescription}
Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

65 жастағы Subaru автокөлігінің жүргізушісі жолдағы ескерту белгілерін ескермей, жолдың жөнделіп жатқан бағытына қарай шығып кеткен.   

Жазатайым оқиға 12 тамызда сағат 02:00 шамасында Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында «Балқаш-Гүлшат» автожолында болды.

«Subaru жеңіл көлігінің 65 жастағы жүргізушісі ескерту белгілерінің болуына қарамастан, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан жабық жолға шығып кетіп, 47 жастағы ер адамның басқаруындағы Shacman жүккөлігімен соқтығысты. Бұл уақытта жүк көлігі жолдың осы бөлігіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Көлік апаты салдарынан «Subaru» жүргізушісі мен оның екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сай сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізілуде.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде