{metadescription}
Тірідей көмілген ер адам өз бетімен табытты сындырып шыққан

Тірідей көмілген ер адам өз бетімен табытты сындырып шыққан

Боливияның 30 жастағы тұрғыны Виктор Альваресті тірідей жерлеп тастаған. Ер адам табытта жатқан жерінен оянып, өз бетімен қапастан шыға алды. Полиция “тіріліп кеткен марқұмның” оқиғасына сенбеген.

Виктор Альварес 6 тамызда Эль-Альто қа ласында өткен "Жер Ана" атты фестиваліне барған екен. Ол жерде ер адам қатты масайып қалған. Оның бар есінде қалғаны тек билеп жүргені, содан кейін ол табытта оянған. Бір қызығы, ол фестиваль болған жерден 80 шақырым қашықтықта “жерленіпті”.

"Есімде қалғаны, төсегімде жатырмын деп ойладым, тұрғым келді, бірақ қозғала алмадым, табытты итеріп жібергенде, ішіндегі әйнекті сындырып, сыртқа шығып кеттім”, – дейді Альварес.

Ер адам қатты масайғаннан есімді жоғалтқан болуым керек деп топшылайды. Осылайша адамдар оны құрбандыққа әкелмек болған сыңайлы.

“Олар мені “сулла” еткісі келді”, – дейді ол.

Сулла дегені Жер Анаға арнап шалынатын құрбандық екен. Оған көбіне тәттілер мен жапырақтарды шалатын көрінеді. Бірақ кейбір адамдардың сөзінше, әлі күнге дейін жасырын түрде адамды құрбандыққа шалу рәсімі де бар.

Альварес оқиға туралы полицияға хабарлаған, бірақ тәртіп сақшылары ол тым мас болғандықтан сөзіне сенбеген.

Дереккөз: Stan.kz      

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде