{metadescription}
«Тұлпар-Тальго» пойыз басшылары қызметтегі қолдау үшін ақша төлеген

«Тұлпар-Тальго» пойыз басшылары қызметтегі қолдау үшін ақша төлеген

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық департаменті «Экспресс» филиалының «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша учаскесінің бастығы мен оның орынбасарының «Тұлпар-Тальго» пойыздарының басшыларынан жүйелі түрде ақшалай сыйақы алу фактілерін анықтады.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Экспресс» филиалының «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының елордалық учаскесінің басшысы мен оның орынбасары тексеру жүргізбегені үшін әр рейстен заңсыз ақша талап етіп, алып отырған. Барлығы 27 эпизод анықталды.

Кінәлілер коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 6 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуі тиіс.

«Қазіргі уақытта аталған ұйымға қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұсыныс енгізілді», - делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде