{metadescription}
Балаларды 7 жастан бастап вакциналау қарастырылып жатыр

Балаларды 7 жастан бастап вакциналау қарастырылып жатыр

Балаларды 7 жастан бастап COVID-ке қарсы вакциналау қарастырылып жатыр.

Бұл туралы "Астана медицина университеті" балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс балалар жұқпалы аурулар жөніндегі бас маманы Динагүл Баешева айтты.

Баешеваның айтуынша, министрлік әлемнің түрлі елінде қолданылып келе жатқан тәжірибені мұқият зерттеп жатыр.

"Біздің клиникалық хаттамаларымыз бен басқа да инновацияларымыз әрқашан дәлелдемелік базаға, халықаралық ұсыныстарға негізделгенін білесіздер. Алғашқы ұсыныстар пайда болғаннан кейін бұл мәселені дереу қарастырамыз. Бүгінде біз осы құжаттардың барлығын зерттеп жатырмыз", - деді Данагүл Баешева орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында.

Еске салсақ, бүгінде Қазақстанда балалар 12 жастан бастап коронавирусқа қарсы вакцина алуға мүмкіндігі бар.

Былтыр қараша айында АҚШ-та балалар бес жастан он бір жасқа дейін Pfizer вакцинасын алды. Канада да дәл осындай шешім қабылдаған еді.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.