{metadescription}
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Зульфия Чиншанло Ислам ойындарында чемпион атанды
Қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло V Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль алды, деп хабарлады спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Фото: ©REUTERS
11:26 13.08.2022
Чиншанло 59 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Ол жалпы 220 кг (95+125) көтерді.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Зульфия үшінші талпыныста 130 келіні еңсере алмаған. Дегенмен Нигериялық қарсыласынан 18 келіге озып кеткен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!