{metadescription}
Өз жерлеу рәсімін ұйымдастырып, көңіл көтерген ер адам көп ұазамай мерт болды

Өз жерлеу рәсімін ұйымдастырып, көңіл көтерген ер адам көп ұазамай мерт болды

Канададағы Эксетер қаласының тұрғыны өзінің жерлеу рәсіміне барып, жақындарымен көңіл көтерген. Алайда көп ұзамай қайтыс болған.

67 жастағы Рон Рейдерге дәрігерлер ұйқы безінің ісігі диагнозын қойған. Ота жасауға келмейтіндіктен ер адамға паллиативтік күтім тағайындаған. Бұдан кейін ол балаларына қоңырау шарып, өзінің жерлеу рәсімінде көңіл көтергісі келетінін айтқан. 

"Егер ештеңе өзгерте алмасақ және адамдар келсе, бұған менің де қатысқым келеді", – деп түсіндірген Рейдер. 

Мұндай шешім балаларының да таңданысын тудырған. Сөздерінше, әкелері барлығын өз қалауынша істеуді ұнатқан екен. Рейдер жерлеу бюросына қоңырау шалып, өлмес бұрын өзі де қатыса алатын жерлеу рәсімін ұйымдастыруды сұраған.

"Біздің бюро жұмыс істеген 140 жылда бірінші рет осындай тапсырыс түсті", – дейді бюро иесі Колин Хаскетт.

Жерлеу рәсіміне 350-ден аса адам жиналған. Олардың арасында достары, туыстары, Рейдердің сатып алушылары бар. Тіпті өзі бұрын ойнаған хоккей командасы да келген. 

"Бұл керемет күн болды. Біздің шаршап, көңіліміздің құлазығаны сөзсіз. Алайда ең тамаша күн боды", – дейді ер адамның жары Ширли. 

Тоғыз күн өткен соң Рейдер отбасының жанында қайтыс болған. 

Дереккөз: Stan.kz      

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде