{metadescription}
БҚО-да жолдан жүгіріп өтпек болған 62 жастағы ер адамды автокөлік қағып кетті

БҚО-да жолдан жүгіріп өтпек болған 62 жастағы ер адамды автокөлік қағып кетті

БҚО-да жолдан жүгіріп өтпек болған 62 жастағы ер адамды автокөлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінен мәлім еткеніндей, оқиға 12 тамыз күні шамамен сағат 22.30-да Орал-Атырау жолында қалаға қарасты Серебряков кенті тұсында болды.

«1990 жылғы жүргізуші «Лада Приора» автокөлігімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, 62 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Белгіленбеген жерден жүгіріп өтпек болған ер адам оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. БҚО полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол ережесін қатаң сақтау керектігін ескертеді», - деп хабарлады ведомстводан. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде