{metadescription}
Исламиадада қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин күміс медаль алды

Исламиадада қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин күміс медаль алды

Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин күміс медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол 73 келі салмақта сынға түсті. Қоссайыс қорытындысы бойынша 315 (145+170) келіні бағындырды. 

Еске салсақ, бұған дейін ел құрамасынан Зульфия Чиншанло алтын алса, Өтепберген Әлиев қола жүлдегер атанды. 

Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті. 

Биылғы додада 55 елден спортшылар келді. Ойындар 8 тамызда басталды. Ол 18 тамызда мәресіне жетеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде