{metadescription}
Дубайда шаңды дауыл соғып, 10 ұшақ жергілікті әуежайға қона алмады

Дубайда шаңды дауыл соғып, 10 ұшақ жергілікті әуежайға қона алмады

Дубай халықаралық әуежайында кеше ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстер тоқтатылды. Әуежай басшылығы қонуы тиіс 10 ұшақ өзге әуежайларға бағытталғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқПарат.

Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағын шаңды дауыл басты. Ұлттық метеорология орталығының мәліметінше, Абу-Даби және Дубай халықаралық әуежайларының аудандарында жолдың көріну деңгейі 500 метрден аз болды. Әуе айлағының басшылығы 10 рейсті Dubai World Central және басқа да көршілес әуежайларға жіберуге шешім қабылдаған. 

Жергілікті Flydubai әуе тасымалдаушысы қонатын және ұшатын рейстердің кешігуіне ауа райы жағдайлары себеп болғанын мәлімдеді. 

Метеорология орталығының ресми ауа райы бюллетеніне сәйкес, шаңды дауыл мен жаңбыр алдағы төрт күн бойы жалғасады. 

Абу-Даби полициясы жүргізушілерді қатты жел мен шаңда жолдың нашар көрінуіне байланысты абай болуға және шаңды дауылды фото-видеоға түсірмеуге шақырды. 

«Өзіңіздің және өзгелердің қауіпсіздігі үшін бейнекамераға түсіруге немесе телефонға алаңдамаңыз», - деп хабарлады полиция. 

Кешкісі Әл-Айн, Рас-әл-Хайма және Фуджейра әмірліктерінде қатты жаңбыр жауды. Билік тұрғындарға су тасқыны мен көшкінге бейім аудандардан аулақ болу қажеттігін ескертті. 

Биыл Ирак, Кувейт, БАӘ, Сауд Арабиясы, Иран және басқа да елдердегі құмды дауылдар климаттың өзгеруіне байланысты күшейе түсті, деп хабарлайды AlArabiya агенттігі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде