{metadescription}
Ақтөбеде жеңіл және жүк көлігі соқтығысып, төрт адам көз жұмды

Ақтөбеде жеңіл және жүк көлігі соқтығысып, төрт адам көз жұмды

Ақтөбенің Покровка – Жаңажол тасжолында жол апаты болып, 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқПарат.

Покровка – Жаңажол автожолының 75-шақырымында орын алған жол апаты салдарынан төрт адам мерт болды. 

«Темір қаласынан Кеңқияқ ауылы бағытында келе жатқан ВАЗ-2113 автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кетіп, Мұғалжар ауданының 50 жастағы тұрғынының басқаруындағы КамАЗ көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2113 автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар жеңіл автокөліктің тағы бір жолаушысы Кеңқияқ ауылының ауруханасына жатқызылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде