{metadescription}
Елена Рыбакина әлемдегі үздік 25 теннисшінің қатарына қайта қосылды

Елена Рыбакина әлемдегі үздік 25 теннисшінің қатарына қайта қосылды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемдегі үздік 25 теннисшінің қатарына қайта кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жариялаған рейтингіде Елена Рыбакина 27-ден 25-орынға көтерілді. 

Торонто турнирінің ширек финалына дейін жеткен Юлия Путинцева 46-дан бірден 38-ге жоғарылады.

Зарина Дияс 244-тен 241-ге, Гөзал Айнитдинова 587-ден 584-орынға шықты.

Жұптық сында Анна Данилина 21-орнында қалса, Жібек Құламбаева 258-сатыда.

Ерлер арасында Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 41-ден 42-ге, Дмитрий Попко 189-дан 219-ға төмендеді. Есесіне Михаил Кукушкин 222-ден 213-ке жайғасып, қайтадан Қазақстанның екінші ракеткасы атанды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде