{metadescription}
Тайтөбе ауылындағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Тайтөбе ауылындағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақмола облысының Тайтөбе ауылындағы жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған дерек Қылмыстық кодекстің 292-бабының 2-бөлігі (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

«Оқиға 14 тамызда болған. Жарылыс болған үй иесі мен оның ағасы көмірді сұрыптаумен айналысқан. Жұмыс кезінде белгісіз заттың жарылуы орын алды, нәтижесінде үй иесі оқиға орнында көз жұмды. Екінші ер адам мен оның жас баласы түрлі жарақаттармен Нұр-Сұлтан қаласының емдеу мекемелеріне жатқызылды. Қазіргі уақытта қағылы оқиғаға қатысты техникалық сараптамасын тағайындады», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, Ақмола облысында белгісіз зат жарылып, ер адам қаза тапқан еді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде