{metadescription}
Атырауда Жайыққа батқан 7 жасар баланың мәйіті табылды

Атырауда Жайыққа батқан 7 жасар баланың мәйіті табылды

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, суға батып кеткен денесі сағат 14:19-да жағалауға шығарылған.

«Атырау қаласына таяу орналасқан Қызылбалық ауылында тұратын 7 жасар бала кеше, 14 тамызда Жайық өзеніне батып кеткен. Ол жағалауда тұрған қайықтың үстінде ойнап жүріп, өзенге құлаған. Оны іздеу жұмысы сол күні кеште сағат 22:25-те басталды. Алайда, түнгі мезгілдегі іздеу нәтиже бермей, 15 тамызда сағат 00:27-де тоқтатылған еді. Бүгін, суға кеткен баланы таңертең сағат 7:30-да қайта жалғасты», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Іздестіру жұмыстарына облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 4 құтқарушы, 1 жүзу құралы, Атырау қалалық полиция басқармасынан 2 қызметкер, 1 техника және жергілікті 20 тұрғын мен 1 жүзу құралы тартылған.

Жыл басынан бері Атырау облысының су айдындарында жыл басынан бері 17 адам суға батқан. Оның ішінде Атырау қаласында 2, Махамбет ауданында 6, Құрманғазыда – 3 Жылыойда – 2, Қызылқоғада – 2, Индер ауданында 2 адам суға батып кеткен. Су айдындарында 6 жасөспірім көз жұмған.

«Биыл суға түсу маусымы басталған 1 маусымынан бері 11 адам, оның ішінде 5 бала қаза тапты. Департаментке қарасты жедел-құтқару жасағының құтқарушылары суға батқан 6 адамды құтқарып қалды. Оның ішінде 3 бала бар. Су айдындарында адам өлімін болдырмау мақсатында төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, полицейлермен, Атырау қалалық және аудандық әкімдіктердің өкілдерімен бірлесіп күнделікті үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Профилактикалық іс-шараларға 273 адам мен 44 автокөлік, жүзу құралдары тартылып отыр», - деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде