{metadescription}
Тамыз айындағы ҰБТ: Шекті балды талапкерлердің 54% жинады

Тамыз айындағы ҰБТ: Шекті балды талапкерлердің 54% жинады

Тамыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) 19 мыңға жуық талапкер қатысты. 

19 мыңға жуық түлектің 69% қазақ тілінде, 31% жуығы орыс тілінде, 0,1% ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

Айта кетейік, тамыздағы ҰБТ сертификатымен талапкерлер жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсе алады.

Тестілеу қорытындысы бойынша 10 мың талапкер шекті балл жинай алды, Бұл – қатысушылардың жалпы санының шамамен 54% құрайды. ҰБТ орташа балы 58 балды құрады. Ең жоғары балл – 128.

ҰБТ өткізу барысында 118 қатысушының нәтижесі жойылды. Оның ішінде 39 азамат смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылған. Қалған 79 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзып, аудиториядан шығарылған. Олардың да тест нәтижесі жойылды.

«Талапкерлердің таңдауы өзгеріссіз қалып тұр. Барлық қатысушылардың 21% «математика-физика» комбинациясын, 20% «химия-биология» комбинациясын таңдаған. «Химия-Физика» пәндер комбинациясын тек 39 талапкер тапсырды», – деді ҚР ҒЖБ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Еске салайық, тестілеу қорытындысымен келіспеген талапкер апелляцияға электронды форматта өтініш бере алады. Тамызда ҰБТ тапсырғандардан апелляцияға 2 мыңнан астам өтініш түскен. Олардың ішінде 2 тест тапсырмасы қанағаттандырылды. Республикалық апелляциялық комиссия жұмысын аяқтады, талапкерлердің сертификаттары жеке кабинетте қолжетімді.

Тамыз айындағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, ЖОО-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өткізіледі. Сонымен қатар ЖОО-да ақылы негізде өз мамандығы бойынша оқуды жалғастыруды жоспарлап отырған колледж түлектері оқуға әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылданады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде