{metadescription}
ХҚКО мүгедектердің құжаттары үшін заңсыз мемлекеттік баж салығын алған

ХҚКО мүгедектердің құжаттары үшін заңсыз мемлекеттік баж салығын алған

Ақмола облысындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мүмкіндігі шектеулі адамдарға төлқұжат алғаны үшін мемлекеттік баждар негізсіз салынған, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

«Талдау барысында 500-ден астам мүгедек азаматтың құқықтарының бұзылғаны анықталды. Салық кодексінің 622-бабына сәйкес аталған тұлғалар құжаттандыру қызметтері үшін мемлекеттік баж төлеуден босатылған.

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастамасымен азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мәселесі көтерілді. Қазіргі уақытта полиция органдарымен бірлесіп төленген мемлекеттік баждарды қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Талап етілген баждардың жалпы сомасы – 1 345 000 теңге.

Бұдан әрі осындай негізсіз мемлекеттік баж алуды болдырмау үшін Департамент ақпараттық жүйелерді сапалы интеграциялауды жүргізу, сондай-ақ белгілі бір санаттағы тұлғаларға және басқа да салаларда жеңілдіктер беруге қатысты қолданыстағы заңнаманы зерделеу қажеттігін атап өтті», - делінген ресми хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.