{metadescription}
Cу тасқыны 17 адамның өмірін қиды

Cу тасқыны 17 адамның өмірін қиды

Жексенбіде Ауғанстанның шығысындағы Шинвари округіндегі және Парван провинциясындағы іргелес ауылдарды басып қалған су тасқынынан кем дегенде 17 адам көз жұмды, ондаған үйді су шайып кетті.

Бұл туралы дүйсенбіде округ басшысы Молла Хан Мұхаммад мәлім етті.

Шенеуніктің айтуынша, жексенбі күні кешке толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған су тасқынынан Шинвари округінде 13 адам және көршілес Сиагурд ауданында тағы 4 адам көз жұмды. Ол бірнеше жергілікті тұрғынның хабар-ошарсыз кеткенін, құрбандар мен материалдық шығындардың нақты саны әлі анықталмағанын айтты.

Соңғы айларда Ауғанстандағы нөсер жаңбыр мен су тасқыны салдарынан 200-ден астам адам көз жұмды, бірнеше ондаған тұрғын зардап шекті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.