{metadescription}
Алматыда есірткіні өндіру және сатумен айналысқан топ ұсталды

Алматыда есірткіні өндіру және сатумен айналысқан топ ұсталды

Алматы қаласының есірткі қылмысымен күресушілері 20 жастағы М. есімді азамат пен 21 жастағы А. есімді азаматшаны ұстады. 

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, есірткі қылмысымен айналысқан топ қаланың Түрксіб ауданындағы Майлин көшесінде ұсталды.

«Күдіктілердің қолында бірнеше пакет болды. Оның ішінде өсімдік тектес заты бар 120-дан астам бума және шөпті дозаға бөліп, орауға арналған жабдық бар. Тәркіленген заттай айғақтар бойынша сот-химиялық сараптама тағайындалды. Жұптың тек есірткі таратумен ғана емес, өндірумен де айналысатыны анықталды. Соңғы іс-әрекеттері бойынша олардың сыбайластары бар екені белгілі болды. Олар - 35 жастағы ер адам мен 23 жастағы азаматша. Олар Алматы облысы Талғар ауданы аумағындағы үйлерінде қылмыстық өндірісті бастаған. Мұнда өз аймақтарында өсірілген шикізатты өңдеген», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Қылмыстық кодекстың 296-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша есірткі зертханасының жұмысында пайдаланылған құралдар, дайын шикізат, бұталар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді.

«Сот-химиялық сараптамаға сондай-ақ «саңырауқұлақ» деп аталатын сұр зат жіберілді. Күдіктілер қамауға алынды. Есірткі зертханасы жойылды. Қазір есірткі сатушылардың тұрақты «клиенттерінің» шеңбері құрылуда», – деді Ерлан Әлмағамбетов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде