{metadescription}
ШҚО-да жалған нөмір таққан, 2 млн теңгеден аса айыппұлы бар жүргізуші ұсталды

ШҚО-да жалған нөмір таққан, 2 млн теңгеден аса айыппұлы бар жүргізуші ұсталды

ШҚО-да жалған нөмір таққан, 2 млн теңгеден аса айыппұлы бар жүргізуші ұсталды.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және оған жол бермеу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, соңдай-ақ көлік қозғалысы тәртібін арттыру мақсатында 18 шілдеден бастап Шығыс Қазақстан облысының аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігі айлығы өтуде. Осы кезеңде жолдарда, әсіресе түнгі уақытта патрульдік полиция нарядтарының тығыздығы артты. 

13 тамызда Өскемен қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Қабанбай батыр көшесінде жол қозғалысының басқа қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген Toyota автокөлігін тоқтатқан. Көлік жүргізушісі жол-көлік оқиғасы орнынан жасырынуға тырысқан.

«Сергек қорғау» қосымшасының көмегімен құжаттарды тексеру барысында тәртіп сақшылары көлік жүргізушісі Көкшетау қаласының 32 жастағы тұрғыны екенін, сонымен қатар ол көлік құралын жүргізуші куәлігінсіз, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүргізгенін анықтады. Белгілі болғандай, республика бойынша аталған нөмірдің 175 жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі тіркелген, айыппұл сомасы – 2 млн теңгеден астам«, - деп жазды ақпарат көзі. 

Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі (Материал Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді), ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 4-бөлігі (30 АЕК мөлшерінде айыппұл), ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 3-бөлігі (15 АЕК мөлшерінде айыппұл) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Автокөлік қарызды толық өтегенге дейін арнайы тұраққа қойылды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде