{metadescription}
Атырауда екі жарқанат пәтерге кіріп кеткен

Атырауда екі жарқанат пәтерге кіріп кеткен

Атырауда екі жарқанат терезесі ашық пәтерлерге ұшып кірген.

Құтқарушылар түнде ұшатын құстарды ұстап алып, еркіндікке жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпаратОблыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, бұл оқиға кеше, 17 тамызда тіркелген. 

Атырау қаласының Қ. Сәтпаев көшесінде орналасқан көпқабатты үйдегі екі пәтердің тұрғындары құтқарушыларға қоңырау шалған. Олар үйлеріне жарқанаттың ұшып кіргенін хабарлайды. 

Тұрғындарға көмек көрсету үшін жедел құтқару жасағының құтқарушылары мекенжайға барады. Құтқарушылар екі пәтерден жарқанаттарды ұстап алып, еркіндікке жібереді.

«Тамыз айында енді ғана қанаттанған жарқанаттар жаңа қоныс іздейді екен. Сол себептен, осы кезеңде қанатты тышқандар абайсызда ашық қалған терезе арқылы пәтерге ұшып кіруі мүмкін. Мұндай жағдайда сабыр сақтап, қорықпау қажет. Жарқанатты ұстауға тырыспау керек. Ең қарапайым тәсіл – бөлменің есігін жауып, терезені ашып, біраз күткен жөн», - деп кеңес берді департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті құтқарушыларының айтуынша, жаз мезгілінде жануарларды құтқаруға қатысты шақырту саны артқан. Бұған дейін құтқарушылар шұңқыр мен батпаққа түскен итті, сиыр мен жылқыны, теректің ұшар басынан жерге түсе алмаған мысықтарды бірнеше рет құтқарыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде