{metadescription}
Ақтөбеде мотоцикл руліне ие бола алмаған жасөспірім көз жұмды

Ақтөбеде мотоцикл руліне ие бола алмаған жасөспірім көз жұмды

Ақтөбеде жасөспірім мотоцикл руліне ие бола алмай, аударылып қалды.

Салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақтөбе облыстық полиция департаменті тағы да ескерту жасады. Жол-көлік оқиғасын болдырмау үшін ережені қатаң сақтау керек. 

«Кәмелет жасқа толмаған ақтөбөбелік мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ «LT-200» мотоциклімен Хромтау ауданының Тасөткел ауылы бағытында келе жатып, рульді басқара алмай қалды. Ол оң жаққа аударылып кеткен. Тексеру кезінде қажетті жүргізуші куәлігі болмағаны анықталды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жасөспірім алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстық кодекстің «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.