{metadescription}
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК 20, 21 және 22 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Болжам бойынша, алдағы тәулікте Қазақстанның басым бөлігіне ауқымды антициклон жотасы аймағындағы атмосфералық фронттар әсер етеді.

"Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, найзағай соғады деп болжанады. Республиканың солтүстік жартысы мен шығысында түнгі уақытта топырақ бетінде 2 градус үсік жүріп, тұман түседі деп күтіледі. Еліміздің батыс жартысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бұл аймақтарда ауа температурасы аздап көтеріледі, - делінген хабарламада.

Ауа температурасы:

  • батыста түнде + 12 + 22 градустан +15+25 градусқа дейін, күндіз + 27+35 градустан +30+38 градусқа дейін,
  • республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында ауа температурасы түнде + 1+10 градус, күндіз +13+23 градус,
  • елдің оңтүстігінде түнде +8+18 градус жылы, күндіз +20+28 градустан +23+30 градусқа дейін жоғарылайды,
  • оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы +5+13 градус, күндіз +17+25 градустан +13+23 градустан дейін ауытқиды.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде