{metadescription}
Андрей Линниктің депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Андрей Линниктің депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Андрей Линниктің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

«ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Андрей Линник міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға Конституцияның 52-бабына, «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Мәжіліс депутаты Андрей Линниктің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр», - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.

Жалпы отырыста палата депутаттары аталған ұсынымға дауыс беріп, депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.

Андрей Линник 2021 жылғы қаңтардан бастап VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының мүшесі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде