{metadescription}
Санақ қорытындысы бойынша Қазақстан халқының нақты саны аталды

Санақ қорытындысы бойынша Қазақстан халқының нақты саны аталды

Ұлттық статистика бюросының 2021 жылы жүргізген халық санағы қорытындысына сәйкес, Қазақстандағы әйелдердің саны ерлерге қарағанда басым.

Санақ қорытындысы бойынша әйелдер саны жарты миллионға (536,3 мың) артық болған. Пайызбен есептегенде, ерлердің үлесі - 48,6 пайыз (9 324 840 адам), әйелдердің үлесі - 51,4 пайыз (9 861 175 адам). 2009 жылғы халық санағында ерлердің үлесі 48,2 (7,7 млн), ал әйелдердің үлесі 51,8 пайыз (8,2 млн) болды. Осылайша, кейінгі 10 жылда ерлер мен әйелдердің арақатынасы ерлердің пайдасына 0,4 пайызға өзгерген.

Қазақстанда 1000 әйелге 945 ер адамнан келеді (10 жыл бұрын 929 адам болған).

Өңірлер арасында екі облыста ерлердің үлесі әйелдер үлесінен асып түскен. Олар Түркістан облысы (50,7 пайыз, 1 млн 13 мың әйелге 1 млн 40 мың ер адам) және Қызылорда облысы (50,2 пайыз, 408 мың ер адамға 406 мың әйел). Алматыда бұл көрсеткіш шамамен теңескен, 49,8 пайыз ер және 50,2 пайыз әйел.

Жас ерекшелігі бойынша 5-тен 9 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар көп. Сонымен қатар, 10 жастан 14 жасқа дейінгі қыздар ұлдарға қарағанда әлдеқайда көп. 20-24 жас аралығында керісінше, ерлер саны әйелдер санынан едәуір асып түседі (807 мың ер және 546 әйел).

2022 жылғы 1 тамыздағы халық санағы бойынша Қазақстан халқының саны 19 644 067 адам болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.