2022 ҚР президентін сайлау
{metadescription}
Қарағандыда атыс болып, оқиға видеосы тарады

Қарағандыда атыс болып, оқиға видеосы тарады

Әлеуметтік желілерде кеше Қарағандыда болған атыстың видеосы тарады.

Көшедегі бейнебақылау камераларынан алынған видеодан белгілі болғандай, атыс Қарағандының Оңтүстік-Шығысында Тәттімбет көшесінде басталған.

«ВАЗ 2114» автокөлігінде болған шабуылдаушылар «BMW X6» көлігіне оқ ата бастаған. Сондай-ақ, көлік тұрағынан жолға шыққанда, «ВАЗ 2114» жүргізушісі өтіп бара жатқан көлікті соғып өтіп, ізін суытпақшы болған.

Осы уақытта оқ астында қалған жол талғамайтын көлік жүргізушісі кері бұрылып, шабуылдаушыларды қуа жөнелген.

Тәртіпсіздіктер кезінде қылмыскерлерді ұстауға тырысқан полиция қызметкері жарақат алды. 27 жастағы күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта ол тергеуге алынды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.