{metadescription}
Атырау облысында Алтын Орда дәуіріндегі көне қалашықтың орны табылды

Атырау облысында Алтын Орда дәуіріндегі көне қалашықтың орны табылды

Атырау облысының Махамбет ауданында көне қалашықтың орны табылды.

Ғалымдар оны Алтын Орда дәуіріндегі қалашық болуы мүмкін деген болжам жасап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көне мекен Сарайшық қалашығынан 25 шақырым жерде орналасқан. Аумағы – 100 гектар. Қалашық орнында «Сарайшық» мемлекеттік музей-қорығының ғалымдары археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оған Ресейден келген ғалымдар да тартылған. 

Археологтер көне қалашықты зерттеу мақсатындағы қазба жұмысы кезінде мазарға ұқсас нысанды тапқан. Оның іргетасы, төменгі қабаты сол күйінде сақталған. 

«Бұл мекеннен қыш құмыралар, тиындар, орта ғасырдағы жәдігерлер, ХІV ғасырдың тиындары табылып отыр. Бұл – Қазақстан тарихына қосылған зор үлес», - дейді «Сарайшық» мемлекеттік музей-қорығының директоры Әбілсейіт Мұхтар.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Мадияр Елеуовтің айтуына қарағанда, кейінгі екі жылда 10 шақты қалашық пен елді мекеннің орны ашылған. Сол қалашықтар арқылы Ұлы Жібек жолы бойындағы Сарайшық қалашығынан үш бағытқа шығатын керуен бағыты анықталып отыр. 

«Қазір Қарағайлы деген жерден шағын көне қалашықтың орны табылды. Жердің бетінде жатқан көне заттардың сынықтарына қарағанда, бұл мекенді Алтын дәуіріндегі қазақ хандығының қалашығы деп топшылауға болады», - дейді Мадияр Елеуов. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.