Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Казнетке DDoS-шабуылдар шетелден жасалған
«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Интернеттің қазақстандық бөлігіне жасалған DDoS-шабуылдарды тіркеді.
17:59 25.09.2022
Өз кезегінде ол байланыс операторларының магистралдық каналдар желісінде қосымша күш түсіріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі таңда «МТҚ» АҚ байланыс операторларымен бірлесіп, жүйені оңтайландыру бағытында техникалық жұмыстар жүргізіп жатыр. Өз кезегінде ол кейбір интернет-ресурстарының жылдамдығының төмендеуіне ықпал етуі мүмкін. Қазіргі таңда DDoS-шабуылдар бірнеше шетелдік көздерден жүзеге асырылуда. Осы тектес шабуылдар өзге өңірлерде де тіркеліп отыр. Тиісті техникалық байланыстар аталған шабуылдардың бір-бірімен байланысы бар-жоғын анықтап жатыр»,-делінген МТҚ мекемесі таратқан хабарламада.
Осыған дейін бірқатар сайтқа жасалған DDOS шабуылдан кейін техникалық жұмыстар жүріп жатқанын жазған блатынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram