{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ижевск қаласындағы мектепке жасалған шабуыл салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Владимир Путинге көңіл айтты. 

«Ресей Федерациясының Ижевск қаласындағы №88 мектепке жасалған қарулы шабуыл салдарынан азаматтардың, соның ішінде балалардың қаза табуы туралы қайғылы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдадым. Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, Сізге және қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Сондай-ақ барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – деп жазылған жеделхатта.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.