{metadescription}
UEFA Ұлттар лигасы топтық кезеңіндегі Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы анықталды

UEFA Ұлттар лигасы топтық кезеңіндегі Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы анықталды

Футболдан биылғы UEFA Ұлттар лигасында өз тобында Қазақстан құрамасы сапындағы үздік ойыншы анықталды.

WhoScored.com футбол статистикасы сайтының нұсқасы бойынша С дивизионы үшінші тобындағы барлық құрама ойыншылары арасында қазақстандық Михаил Габышев жоғары рейтингке қол жеткізді. Оны орташа бағалау 7.3 балды құрады. 

Сондай-ақ, аталған топтың символикалық құрамасына Габышевтен өзге тағы төрт футболшы енгізілген. 

Еске салсақ, Қазақстан ұлттық құрамасы аталған топта Әзербайжан, Словакия және Беларусьті артқа салып, бірінші орын алды. 

Ел құрамасы алты ойынның 4-еуінде жеңіске жетсе, 1-еуінде тең ойнап, 1-еуінде қарсыласқа есе жіберді. 

Қазақстандық футболшылар бір тур бұрын В дивизионына жолдамаға қол жеткізді. Оған қоса 2024 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысына берілетін жолдаманы сарапқа салуға мүмкіндік алды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде