{metadescription}
Үкімет басшысы диқандарға алғыс айтты

Үкімет басшысы диқандарға алғыс айтты

Биыл еліміз 18 млн тоннадан астам астық жинауды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты.

«Егін орағы аяқталып қалды. Негізінен биыл ауа райы қолайлы болды. Түсім орташа жылдық көрсеткіштен жоғары болады деп күтіліп отыр. Жалпы 18 млн тоннадан астам астық жинау жоспарланған. Ендігі міндет – өнімнің сапасын төмендетпей, дұрыс сақтау. Сонымен қатар, ішкі сұранысқа және экспортқа қажетті астық көлемін нақты бөліп қою керек», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында. 

Үкімет басшысы биыл да Қазақстан өзін астықпен толықтай қамтамасыз ететінін айтты.

«Астықтың түсімі жылдағыдан 30 пайызға жоғары. Өткен жылы орта есеппен гектарына 9,8 центнер өнім жиналса, биыл 13 центнерді құрап отыр. Бұл да болса – диқандарымыздың тынымсыз еңбегінің жемісі. Осы іске атсалысқан ауыл еңбеккерлерін мол өнім жинауымен құттықтап, қажырлы еңбектері үшін алғыс айтамыз», - деді ол.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.