{metadescription}
ІІМ өндірісінде Самат Әбіш пен Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты қылмыстық іс жоқ – министр

ІІМ өндірісінде Самат Әбіш пен Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты қылмыстық іс жоқ – министр

Ішкі істер органларының өндірісінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіш пен Ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты ешқандай қылмыстық іс жоқ.

ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай мәлімет айтты.

«Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев қаңтар оқиғасына байланысты қашан жауапқа тартылады? Кәрім Мәсімов қамауға алынғанымен оның орынбасары Самат Әбішке қатысты неге қылмыстық іс тіркелмеген?», - деп сұрады журналист.

Министр қаңтар оқиғасына қатысты тергеп-тексеру жұмыстары басқа құзырлы органдардың өнідірісінде екенін еске салды.

«Ішкі істер органдарының өндірісінде аталған азаматтарға қатысты ешқандай шаралар жоқ. Не Тұрғымбаевқа, не Әбішке қозғалған қылмыстық іс бізде жоқ», - деді Марат Ахметжанов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.