{metadescription}
Ақтөбеде жол апатынан ресейлік азамат қаза тапты

Ақтөбеде жол апатынан ресейлік азамат қаза тапты

Самара-Шымкент тасжолында жол апаты болып, ресейлік азамат көз жұмды.

Самара-Шымкент тасжолының 999-шақырымында жол-көлік апаты болды. Toyota Camry автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі, Ресей Федерациясының азаматы Әйтеке би ауданы Аралтоғай ауылы маңында жол жиегіне шығып кетіп, көлігі аударылып қалған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 34 жастағы жолаушы сол жерде көз жұмып, 1983 жылы туған екінші жолаушы Әйтеке би ауданының орталық хирургиялық бөлімшесіне жатқызылды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті жүргізушілерге жол-көлік оқиғаларына жол бермеу мақсатында қозғалыс ережелері талаптарын сақтауға және жүргізушілерге шаршаған немесе ауырған жағдайда көлікке отырмауға кеңес береді», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.