{metadescription}
Мәжіліс Конституциялық сот туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс Конституциялық сот туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының Конституциялық соты туралы» ҚР Конституциялық заңының жобасын екінші оқылымда мақұлдап, Сенатқа жіберді.

Айта кетейік, 2 қыркүйекте Мәжілісте «Қазақстан Республикасының Конституциялық соты туралы» Конституциялық заң жобасы таныстырылған еді.

Конституциялық заң жобасының мақсаты - Конституциялық Кеңесті Конституциялық сот ретінде қайта құру бөлігінде Конституцияға енгізілген өзгерістерді іске асыру, мемлекеттің құқық қорғау институттарын күшейту, негізгі заң ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету.

Жалпы, Конституциялық заң жобасы 3 бөлімнен, 10 тараудан және 68 баптан тұрады.

«Сонымен бірге, Конституциялық соттың құрылуына және қызметіне, сондай-ақ конституциялық іс жүргізуді жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастар реттелген. Осы ретте заң жобасында Конституциялық сот судьяларының құқықтық мәртебесі, оны қалыптастыру тәртібі, судьяларының мәртебесі және олардың қызметінің кепілдіктері және Конституциялық соттың құзыреті, оны жүзеге асырудың ұйымдастырушылық нысандары аясында маңызды нормалар қамтылды», - деді Мәжіліс депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Нәзила Раззақ палатаның жалпы отырысында.

Депутат заң жобасы бойынша жұмыс тобының 17 отырысы өткенін айтты.

«Оның қарауына заң техинкасы ережелеріне сәйкес келтіру, редакциялық нақтылау бағытында түзетулер келіп түсті. Бұдан басқа заң жобасын талқылау кезінде кейбір нормаларды Ата заңға және қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіруге арналған өзгерістер қаралды. Депутаттардың барлық түзетулері қабылданып, салыстырмалы кестеде көрсетілді», - деді депутат.

.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.